00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Алматыда студент қызды ұрып-соққандардың ата-аналары жауапқа тартылды

31.03.2023 | 21:59
Елорда ақпарат
68

Алматыда қыз баланы ұрып-соққан қыздардың ата-аналары жауапқа тартылды. Екі заңсыз эпизод та Алматының Алатау ауданында болған, деп хабарлады Elorda.info.

Екі оқиғаға да қаладағы колледждердің бірінде оқитын кәмелетке толмаған студенттер қатысқан.

Бұл деректер әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықталды. Бірінші жағдайда оқиғаның 15 жастағы қатысушылары видеоның 2022 жылдың ақпанында түсірілгенін хабарлады. Олар өз кінәларын толық мойындады. Қыздардың аналарына қатысты ҚР ӘҚбК-нің 127, 435-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Ағымдағы жылдың 4 қаңтарында «Ұлжан» ықшамауданында қыздың денесіне зақым келтірген тағы үш қыздың ата-анасына да осындай шаралар қолданылды. Төбелеске қатысушылар тіркеуге алынып, ювеналды полиция инспекторларының бақылауында болады, - деді Алатау аудандық Полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Талғат Беркінбаев.

Барлық жаңалықтар