00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Шетелдік автокөліктерді заңдастыру қашан басталады

31.03.2023 | 21:52
Елорда ақпарат
49

Елге 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді біржолғы заңдастыру биыл 23 қаңтарда басталады. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

Үкімет 11 қаңтарда ел аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген көлік құралдарының жекелеген санаттарын бастапқы тіркегені үшін алым мөлшерлемесін қолданудың және осындай көлік құралдарын әкелуді жүзеге асырған жеке тұлғаларды өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерінен босатудың қағидаларын бекітті. Ережелер алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Яғни, ережелердің бүгін жарияланғанын ескере отырып, олар 2023 жылдың 23 қаңтарында, дүйсенбіден күшіне енеді және сол күннен бастап біз шетелдік автокөліктерді заңдастыруға кірісеміз», - деді Игорь Лепеха Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Айтуынша, автокөліктерді бастапқы мемлекеттік тіркеу үшін 200 мың теңге алым төлеу қажет.

Барлық жаңалықтар