00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Елордалық бірқатар бірлестік Қаңтар оқиғасы кезінде жедел штаб құрып, халыққа көмектесті – Әсия Тикеева

«Мама Про» әлеуметтік осал әйелдерді қолдау және дамыту қоры» ҚҚ құрылтайшысы, АҚДМ қоғамдық кеңесінің мүшесі Әсия Тикеева Қаңтар оқиғасына қатысты өзінің ой-пікірін бөлісті, деп хабарлады Elorda.info тілшісі.

Бір жыл бұрын Қазақстанда Қаңтар оқиғасы болды. Сол уақытта елордадағы қоғамдық ұйымдар, атап айтқанда, «Мама Про» ҚҚ, «Адал Ниет» ҚБФ, «Тең мүмкіндіктер әлемі» ҚҚ және Қазақстанның Азаматтық альянсы бастаған «Орда аутизм» ҚҚ бірлесіп жедел көмек штабын құруға шешім қабылдады. Штабқа қоңыраулар тәулік бойы келіп түсті. Сол кезде  халықтың қалай қорқып, абдырап қалғаны байқалды. Штаб барлық сұраныстарды тиісті құрылымдарға жедел бағыттады. Халық арасында әлеуметтік жауапкершіліктің қалай көтерілгені, адамдар қоңырау шалып, дүкендердегі бағаның көтерілуі, күдікті адамдар, хабар-ошарсыз кеткендер туралы айтты. Байланыс және жұмыс орындары жұмыс істемегендіктен адамдардың көбі қаражатсыз қалды, - деді Әсия Абдуллақызы.

Ол өз сөзінде Қаңтардағы қырғыннан кейін халық бейбітшілік мен тұрақтылықты бағалай түскенін жеткізді.

Енді бір жыл өткеннен кейін біздің болашағымызды құру және осы мемлекетке көмектесу әрбір азаматтың міндеті екенін бәріміз түсінеміз.  Халық арасында бірлік болғанда ғана ешқандай араздық болмайды. Бірақ мемлекет те қазір өз халқымен барынша ашық және адал болуы керек. Қаңтардағы оқиға әлі де зерттеліп, шынайы мәлімдеме болуы керек деп есептеймін. Қаңтар оқиғалары бұл бифуркация нүктесі, содан кейін ол бұрынғыдай болмауы мүмкін. Ел жүйеде түбегейлі өзгерістерді күтуде. Менің ойымша, сөзбен емес, іс жүзінде оң өзгерістерді көрсететін саяси реформалар жүзеге асуы қажет. Президентіміз бастаған бастамалар сәтті орындалғанын, ал халыққа мықты денсаулық тілеймін, - деді Әсия Тикеева. 

Барлық жаңалықтар