00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Қазақстанда 12 мыңнан астам адам балық аулауды кәсіп етіп отыр

Бүгінгі Үкімет отырысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев «Балық саласын дамыту туралы» мәселесі бойынша өз баяндамасын ұсынды, деп хабарлады Elorda.info тілшісі. 

Оқи отырыңыз: Елімізде 42 тоннадан астам балық ауланды

Бүгінгі таңда 1600 су айдыны 1200 шаруашылық субъектісіне бекітіліп, онда 12 мыңнан астам адам балық аулауды кәсіп етіп отыр. Сонымен қатар, 72 кәсіпорын балық өңдеумен айналысады. Оның 17-сі жоғары талаптарға сай келеді және Еуропалық Одақ елдеріне балық өнімдерін экспорттау құқығын алды, қалғандары ішкі нарық пен жақын шет елдерге бағдарланған,- деді Серікқали Брекешев.

Министр өз сөзінде отандық өндірушілерді қолдау туралы айтып өтті.

Салық кодексіне өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы шеңберінде кәсіптік балық аулаумен айналысатын субъектілер үшін қосымша құн салығын 70 пайызға төмендету көзделіп отыр. Заң жобасы Парламентте қабылданды және Мемлекет басшысына қол қоюға жолданды,- деді министр.

Айта кетейік, 2020 жылмен салыстырғанда балық өсіру субъектілерінің саны 2 есеге өскен. Балық көлемі 5 жыл ішінде 3 мың тоннадан 5 есе артып, 15 мың тоннаға дейін өсті. Қазір мыңнан астам жаңа шаруашылық құру жоспарлануда.

Барлық жаңалықтар