00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

«Қайдасыңдар, коменттің командирлері?»: Мұхамеджан Тазабек қазақ қыздарын қорғауға шақырды (ВИДЕО)

31.03.2023 | 20:13
Елорда ақпарат
42

Белгілі айтыскер Мұхамеджан Тазабек Алматыда қыздарды арбау техникасы бойынша тренинг өткізетінін айтқан Алекс Леслидің бастамасына қарсылық білдіруге шақырды, деп жазады Elorda.info

Қызыңды қорлаймын десе үніміз шықпайды, қатыныңды зорлаймын десе дымымыз шықпайды...

Ішіп-жеген, жатып-тұрған хайуаннан қандай айырмашылығымыз бар?!

Біздің бүкіл энергиямыз бен мінезіміз өзара қырқысқанда ғана керек сияқты...

Бірі-бірімізге тісіміз пышақтай, қолымыз қанжардай...

Жаттың жаулауы мен бөтеннің бұзықшылығына мәу демейміз...

Қайдасың коменттің командирлері мен дизлайктің дивизясында жүргендер?! – деді ол.

Еске салсақ, Алекс Лесли лақап атымен танымал Александр Куриллов 19-27 қараша аралығында Алматы қаласында қыздарды арбау техникасы бойынша тренинг өткізетінін айтқан.

«Еліктіру бойынша танымал тренинг Қазақстанда, көшеде әдемі қыздары көп Алматыда демалыс пен қыздарды арбауды үйлестірудің ең тиімді нұсқасы», – деген хабарландыру да берген.

Барлық жаңалықтар