00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Елімізде ағаш отыны қанша тұрады

31.03.2023 | 20:00
Айман Нығмет
61

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

Биылғы қазан айында ағаш отынының бір текше метрінің орташа бағасы 8 858 теңгені құрады.

Өткен жылдың қазан айымен салыстырғанда отын 11,7% қымбаттады. Өңірлерде баға 6 – 16 мың теңге аралығында құбылып тұр, - делінген мәліметте.

Ағаш отыны ең қымбат өңірлер: Астана (1 текме метрі үшін 15 492 тг), Көкшетау (11 067 тг) және Өскемен (10 532 тг) қалалары.

Отынды 8-9 мың теңге шегінде Шымкент (1 текше метрі 8 000 тг), Тараз (9 099 тг), Қарағанды (8 880 тг), Жезқазған (8 485 тг) және Петропавл (8 658 тг) қалаларында сатып алуға болады.

Ең төменгі баға Орал қаласында тіркелген – 6 000 тг/м3.

Барлық жаңалықтар