00:00
Астана -10oC
USD:
440.92
EUR:
475.36
RUB:
4.82
Іздеу

«Астана-Зеленстрой» ЖШС басшысына қатысты тергеу аяқталды

31.03.2023 | 19:59
Елорда ақпарат
52

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Астана-Зеленстрой» ЖШС Бас директоры А. Наурызәліге қатысты пара алу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Elorda.info Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

А. Наурызәлі осы жылдың 2 қыркүйегінде «Табиғат НС Сервис» ЖШС директоры С. Карловадан Астана қаласының Алматы және Есіл аудандарын көгалдандыру бойынша Мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін 9 млн теңге сомасында ақшалай қаражат алды деп күдіктеледі, - делінген хабарламада.

Оған тағылған айыптар арнаулы жедел іздестіру іс-шарасы, жасырын тергеу әрекеттерінің материалдарымен, куәгерлердің айғақтарымен және т. б. расталған.

А. Наурызәлі ҚР ҚПК-нің 128-бабы тәртібінде кінәсін толық мойындауына байланысты қамауға алынған жоқ, - делінген хабарамада.

Оның кінәсі туралы қорытынды шешімді сот қабылдайтын болады.

Барлық жаңалықтар