00:00
Астана -10oC
USD:
440.92
EUR:
475.36
RUB:
4.82
Іздеу

Қайрат Сатыбалды шетелдік бағалы қағаздарға 300 миллион АҚШ долларын салған

31.03.2023 | 19:44
Елорда ақпарат
35

Шет елдерден құны 230 миллион АҚШ долларынан асатын эксклюзивті асыл тастар мен зергерлік бұйымдар елге қайтарылды, деп хабарлады Elorda.info Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Қайрат Сатыбалдыұлы мен басқа да адамдарға қатысты қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату) фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде алыс шет елдерде фигуранттарға тиесілі, құны 230 миллион АҚШ долларынан асатын, мемлекет кірісіне айналдырылған эксклюзивті асыл тастар мен зергерлік бұйымдар елге қайтарылды, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар ол шетелдік бағалы қағаздарға 300 миллион АҚШ долларын салу фактісі анықталды. Көрсетілген сома жақын арада Қазақстан бюджетіне түседі.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша заңсыз әкетілген капиталды іздеу және елге қайтару жалғасуда.

Барлық жаңалықтар