00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

«Жылдың үздік баспасөз қызметі» сыйлығының иегері анықталды

31.03.2023 | 19:38
Айман Нығмет
39

Astana Media Week форумының аясында «Жылдың үздік баспасөз қызметі», «Үздік баспасөз хатшысы» сыйлығының иегерлері марапатталды, деп хабарлады Elorda.info.

Марапатты ҚР Ақпарат және қоғамдық министрі Дархан Қыдырәлі табыстады.

«Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Әсел Артақшинова, Энергетика министрлігінің баспасөз хатшысы Жансая Хамитқызы, Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров, Қарағанды облысы әкімі аппаратының баспасөз хатшысы Марина Шапавалова марапатталды.

Ал «Жылдың үздік баспасөз қызметі» сыйлығы Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметіне бұйырды.

Барлық жаңалықтар