00:00
Астана -10oC
USD:
440.9
EUR:
475.95
RUB:
4.82
Іздеу

Жемқорлықтың салдары туралы маңызды ақпараттар халыққа жетпей жатыр – Шыңғыс Қожахметов

31.03.2023 | 19:11
Елорда ақпарат
33

Қазіргі уақытта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық қозғалысқа барлық мүдделі топтар: оқушылар, студенттер, оқытушылар, мемлекеттік қызметшілер, кәсіпкерлер, сарапшылар, еріктілер және басқалар белсенді түрде тартылып жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы Amanat партиясы «Бірлік» филиалының атқарушы хатшысы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Астана қалалық департаментінің ақпараттық-ағартушылық тобының мүшесі Шыңғыс Қожахметов айтты.

Оның сөзіне қарағанда, негізгі бағыт - сыбайлас жемқорлыққа қарсы ауқымды ағарту, оның кез келген көрінісіне мүлдем төзбеушілік түсініктерін қалыптастыру, қоғаммен әріптестік моделін құру арқылы қоғамдық бақылауды күшейту, мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ету және парасаттылық идеологиясын насихаттау. 

Ағартушылық, түсіндірме, насихат жұмыстары балабақша-мектеп-жоғарғы оқу орнында, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдарда, сауда орындары мен жеке кәсіпорындарда, квазимемлекеттік секторда кеңінен жүргізіліп келеді.

Өткен жылы елорда мен барлық өңірдің жоғары сынып оқушылары мен орта арнаулы оқу орындары-колледждер студентерімен «Адалдық, парасаттылық қағидаттары» тақырыбында семинарлар мен шеберлік сабақтары және сол оқу орындарының ұстаздарына «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бастамалары мен Адалдық алаң жұмысы нәтижелері» туралы дәрістер өткіздік. Жалпы аудитория ауқымы 40 мыңнан астам адам болды, - дейді Шыңғыс Қожахметов.

Ол өңір жастары мен педагогтарына елорданың спикерлері мен департамент мамандарымен өткізген кездесулер, ашық ой алмасулар өте маңызды екенін, себебі, олар ертеңгі күнгі елорда тұрғыны, студенті әрі маманы екенін айтты.

Барлық кездесулерде адалдық, парасаттылық қағидаттары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бастамалары мен Адалдық алаңы жұмысы нәтижелері туралы ақпарат айтылып, тұрғындармен, ұжымдармен кері байланыс орнатылып, ұсыныстар мен шағымдар, наразылықтары мен өтініштері қабылданады. Осы кездесулер арқылы біз «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын нақты іске асырып жатырмыз.

Кездесулер нәтижесінде, өкінішке қарай, «тұрмыстық» сыбайлас жемқорлық іс жүзінде көптеген салада сақталып отырғанын, сыбайлас жемқорлық тұрғысынан сезімтал органдар мен мекемелердің тізбесі жылдан-жылға іс жүзінде өзгермей тұрғанын байқаймыз (мемлекеттік емханалар мен ауруханалар, полиция, жер қатынастары басқармалары, ХҚКО-лар, мемлекеттік балабақшалар мен жоғары оқу орындары), - дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Астана қалалық департаментінің ақпараттық-ағартушылық тобының мүшесі.  

Осы ретте ол ақпараттық ағарту іс-шараларын жиілігін арттырып, жүйелеу, сол арқылы халықтың құқықтық сауаттылығын көтеру; насихат жұмыстарын жүргізетін азаматтарды арнайы оқу бағдарламалары арқылы оқыту; алдыңғы қатарлы шетелдік үлгілерді, шетелдік спикерлер арқылы онлайн форматында таныстыру; тоқсан сайын мүдделі тараптармен алқалық талқылау отырыстарын өткізу. Жинақталған ұсыныстар, өтініштер мен шағымдар бойынша қорытынды шешімдер жасау қажет екенін жеткізді.

Қорытындылай келе, ақпараттық насихат жұмысында жүйелелік/жиілік/,табандылық принциптері өте маңызды. Әлеуметтік желі арқылы жеңіл жүріс, бейәдеп сөз, сауатты еңбексіз баю, жауапсыз өмір салты ұстанымдары кең және тез насихатталып, санаға сіңіп отыр. Түрлі теріс ақпарат көп әрі беталды таралып, сұрыпталмай қабылданып жатыр. Халыққа маңызды әрі құнды ақпарат өз деңгейінде жетпей тұр. Өз ісі мен сөзіне адал азаматтар ортамызда көп. Олар арқылы біз әрбір ортада Парасаттылық, Адалдық, Әділдік, Сенім, Мейірімділік, Жанаршылық принциптерін жайып, үгіттеп, насихаттап, қоғамымыздың таза, адал әрі парасатты болуды ортақ мүддемізге, негізгі идеологиямызға айналдыруымыз қажет! – деді Шыңғыс Қожахметов.

Барлық жаңалықтар