00:00
Астана -10oC
USD:
474.83
EUR:
515.38
RUB:
5.5
Іздеу

38 мың адам Skills Enbek платформасында оқып, сертификат алды

14.05.2024 | 10:08
222
38 мың адам Skills Enbek платформасында оқып, сертификат алды
фото: ашық дереккөзден

Биыл жыл басынан бері 38,2 мың азамат, оның ішінде 21,8 мыңға жуық жұмыссыз Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында онлайн-курстардан өткені туралы сертификат алды.  Бұл туралы Elorda.info Еңбек және халықты әдеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

Платформада барлығы 408,3 мың қазақстандық тіркелген, оның 51,6 мыңы – 2024 жылы тіркелді.

Оқудан өткен 21,8 мың жұмыссыз азаматтың 6,5 мыңға жуығы негізінен Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау облыстарының және Шымкент қаласының жастары.

Платформа іске қосылғаннан бастап авторлар әртүрлі бағыттар бойынша 478 курс жариялады, оның 244-і тегін. Сондай-ақ, одан әрі оқу үшін білім беру алаңдарына ауысу мүмкіндігімен Courstore және Fluent Education серіктестерінің курстары бар. Курстардың ұзақтығы 1-ден 72 сағатқа дейін, - делінген хабарламада.

Платформада тұру және тамақтану, құрылыс және ТКШ, әлеуметтік қызмет көрсету, қаржы және бухгалтерлік есеп, ақпараттық технологиялар және т.б. салалардағы түрлі мамандықтар бойынша тегін курстар саны үнемі артып келеді.

Барлық жаңалықтар