00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

«Эшелон-2022» оқу-жаттығуында жауынгерлік міндеттер пысықталды

31.03.2023 | 17:48
Елорда ақпарат
77

«Эшелон-2022» оқу-жаттығуында Жедел әрекет ету ұжымдық күштерінің бөлімшелері күрделі таулы жерлерде көліктің орамын қолдану арқылы материалдық құралдарды тасымалдау бойынша тактикалық іс-қимылдарды пысықтады, деп хабарлады Elorda.info.

Оқу-жаттығуға "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының тау қорықшылары бөлімшесінің жүк-көлік ротасы жұмылдырылды. Жаттығудың бірінші кезеңінде әскери қызметшілер аттармен және квадроциклдармен 500 шақырымға жеті күндік жорық жасады. Жорық  барысында тамақтану және тоқтап тұрғанда және жаяу жүргенде күзетуді ұйымдастыру мәселелері пысықталды.

Екінші кезеңде оқу-жаттығу жоспары бойынша таулы жерлерде жедел әрекет етудің ұжымдық күштерін топтастыруды қамтамасыз ету үшін материалдық құралдарды тасымалдау барысында автомобиль техникасының бағанасына шабуыл жасалды. Қозғалыс жолдары бұзылды. Әскерлерге мүлік пен оқ-дәрілерді уақтылы жеткізуді ұйымдастыру үшін жүк-көлік ротасы тартылды.

Қару-жарақ, оқ-дәрілер, азық-түлік және дәрі-дәрмектер жүк көлігі мен тіркемелері бар квадроциклдерге тиелді, ал материалдық заттар межелі ауданға мерзімінде жеткізілді.

Барлық жаңалықтар