00:00
Астана -10oC
USD:
440.92
EUR:
475.36
RUB:
4.82
Іздеу

Президент Иманбекті еліміздің шетелдегі елшісі деп атады

31.03.2023 | 17:45
Елорда ақпарат
47

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысына барған сапарында Иманбек еліміздің шетелдегі елшісі екенін айтты, деп хабарлады Elorda.info. 

Еліміздің күші адамдарда, олардың қайраты мен білімінде және патриоттығында. Сондықтан да адамгершілік мемлекеттік саясатымыздың негізгі өлшеміне айналды. Қарапайым халықтың мүддесіне, елдің әлемдік ауқымда тартымды жаңа келбетін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлуіміз керек. Ұлттық мәдениетті шетелде ілгерілету мен жаңғыртуға Павлодар облысынан келген жаңа қазақ «мәдени толқынының» өкілдері орасан зор үлес қосып жатыр, - деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев классикалық өнердің білгірлері Еуропаның үздік опера сахналарында арияларды орындайтын Мария Мудряктың дауысынан ләззат алатынын жеткізді.

Grammy сыйлығының иегері Иманбек Зейкеновтің танымал музыкасы бүкіл әлем жастары арасында ыстық ықыласқа ие. Олар өз ұрпағының дарынды өкілдері мен шетелдегі мәдениетіміздің елшілеріне айналды, - деді Президент. 

Барлық жаңалықтар