Президент Семей қаласында Мұхтар Әуезов пен Қайым Мұхамедхановқа арналған «Ұстаз бен шәкірт» ескерткішін салтанатты түрде ашты, деп хабарлады Elorda.info Президент баспасөз қызметінің БОРТ №1 Телеграм-арнасына сілтеме жасап.
«Ұстаз бен шәкірт» ескерткішінің авторы – Нұрбол Қалиев.
Мүсін композициясы қоладан, тұғыры тұтас күрт гранитінен жасалған ескерткіштің биіктігі – 4 метр. Өнер туындысы демеушілер есебінен бой көтерді.
Рәсімнен кейін Мемлекет басшысы халқымыздың ұлы перзенттерінің ұрпақтарымен және зиялы қауым өкілдерімен әңгімелесті, – делінген хабарламада.