00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Еліміздің 16 өңірінде Бала құқықтары жөніндегі уәкілдер тағайындалды

31.03.2023 | 17:14
Елорда ақпарат
46

16 өңірде үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің жетекшілері, балалар құқығын қорғауда тәжірибесі бар азаматтардан құралған Бала құқытары жөніндегі омбудсмендер тағайындалды, деп хабарлады Elorda.info.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл баланың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы туралы өтініштерді, жергілікті атқарушы органдардың және өзге де ұйымдардың әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне қатысты шағымдарды қарастырады.

Олар сондай-ақ балаларды қорғау саласындағы мәселелерді шешуге арналған заң жобаларын ілгерілетуге қатысады.

Кандидаттар облыс пен республикалық маңызы бар қала әкімдерінің шешімімен тағайындалады.

Астана және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Маңғыстау, Түркістан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан, Жетісу, Жамбыл, Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Абай, Алматы облыстарында балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдер тағайындалды. Ал қалған 4 облыста кандидаттар тізімі әлі қаралып жатыр. Біз комитет өкілдері ретінде балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдермен белсенді жұмыс істейміз, - деді Оқу-ағарту министрлігі Бала құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Элина Паули.

Гүлжан Уалиева

 

Барлық жаңалықтар