00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Экс-министр түрмеде өзін екі рет өлтірмек болғанын айтты (ВИДЕО)

31.03.2023 | 17:07
ҒаниАтымтай
54

Білім және ғылым экс-министрі болған Жақсыбек Құлекеев түрмеде болған кезде әлдекімдер өзін екі рет өлтірмек болғанын айтты, деп жазады Elorda.info

Бұл туралы ол Нартай Аралбайға берген сұхбатында мәлім еткен.

Заңға қайшы нәрсе, бұрын сотталған қауіпті қылмыскермен әлі тергеуде жатқан адамның бірге отыруына болмайды. Соттың шешіміне дейін мен қылмыскер емеспін, тек айыпталушымын немесе күдіктімін. Ал бірақ мені тергеу абақтысына апарған күннен бастап жанымда өте ауыр қылмыс жасаған, ондаған жыл немесе өмір бойы түрмеде отырған адамдарды әкеп отырғызды. Сонда маған қысым жасағысы келген болар. 

Түрмеде мені өлтіргісі келді, оның бәрі болды. Оларды «торпедо» деп атайды. Маған торпедолар жіберді. Оларды арнайы адамдар дайындап алып келеді. Олар мені өлтіреміз деп келді. Бірақ менің жаныма келгеннен кейін, кім екенімді білгеннен кейін бас тартты. Сол мені өлтірем деп келген жігіт маған айтты: «Жәке, біз саған жіберілген торпедолармыз, бірақ сенің қаның бізге керегі жоқ», – деді. Мына Тергеу изоляторының артында №10 қатаң режимдегі түрме бар, сол жерден арнайы дайындап алып келген азамат. 16 жасынан бастап түрмеде жүрген. Соңғы рет тағы да адам өлтіріп, түрмеге түскен екен. 19 жылға сотталған. Соның 4-5 жылын қысқартамыз, егер осы адамды өлтірсең деп алып келген адам екен. Сол өз еркімен мені өлтіруден бас тартып, шынын айтты. «Шамаң келсе, өзің қорғануға тырыс, біз өлтірмесек те басқа біреулер өлтіреді» деді.

Әрине, оны ұйымдастырып жүрген финполдың сол кездегі қызметкерлері, сосын түрме бастығының орынбасары, майор, оған осыны істесең, полковник шенін алып береміз деген. Ондай оқиға оның алдында да болды. Жалпы екі мәрте өлтірмек болды, – деді Жақсыбек Құлекеев.

Барлық жаңалықтар