00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

«Студенттер далада қонып жүр»: министрлік желіде тараған ақпаратқа пікір білдірді

31.03.2023 | 16:47
Елорда ақпарат
52

"Алматыдағы студенттер далада қонып жүр" деген сарындағы хабарламалар соңғы күндері бірқатар ақпараттық сайт пен әлеуметтік желіде тараған еді. Ғылым және жоғары білім министрлігі оларды мұқият зерделеп, көпшілігі бір парақшадан алынғанын және ондағы мәлімет расталмады, - делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желідегі парақша иелері министрліктің баспасөз қызметіне ол студенттер жайлы нақты деректерді ұсына алмаған.

Осы орайда ведомствоның баспасөз қызметі қоғам өкілдері мен Бұқаралық ақпарат құралдарын тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды.

Студенттердің жатақханаға орналасуына қатысты сұрақтар туындаса жоғары оқу орындарының әкімшілігіне хабарласуды сұраймыз. Ал университеттер шәкірттерді жатақханадағы орындармен қамтамасыз етуде. Сонымен қатар қажет болған жағдайда орын жетпеген студенттер хостелдер мен қонақүйлерге орналастырылады, - делінген хабарламада.

Барлық жаңалықтар