00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

ІІМ-ге қарасты кәсіпорын басшысы парамен ұсталды

25.02.2023 | 14:58
Елорда ақпарат
40

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің «Еңбек» шаруашылық жүргізу құқғындағы «Еңбек-Қызылжар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын филиалында жемқорлық фактісінің жолын кесті.

2022 жылғы 23 тамызда мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша сотталғандар үшін азық-түлікті қабылдау-тапсыру актісіне кедергісіз қол қойғаны үшін осы мекеменің басшысы жеке кәсіпкерден пара алған кезде ұсталды. Күдікті Петропавл қаласының УҰИ-не қамалды, – делінген хабарламада.

Кінәнің толық танылуын және сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеруді жүргізу туралы келіп түскен өтінішхатты ескере отырып, тергеу соты оған қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.

Кінәлілік дәрежесін сот анықтайды.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Барлық жаңалықтар