00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

«9 дивизия Қазақстанға басып кіруге дайын тұр»: Әубәкіров не үшін елімізге ОДКБ әскерін кіргізу керек деп айтты (ВИДЕО)

25.02.2023 | 14:35
ҒаниАтымтай
36

Оның айтуына қарағанда, ол кезде Ресейдің Қазақстанға кір үшін бірнеше дивизиясы мен ауыр техникалары дайын тұрған екен. 

Тоқаң Алматыға келгенде дос ретінде әңгімелесіп отырып тікелей сұрақ қойдым. Қаңтарда осындай оқиға болып жатқан кезде теледидар эфиріне шығып, ОДКБ әскерін кіргізу керек дедің, сосын ел шулап, өзіңізді «сатқын» деуге дейін барды. Бұл не түсініспеушілік, оның астарында басқа әңгіме бар ма деп сұрағанмын, – деді ол.

Сонда Тоқтар Әубәкіровке Мәскеуден погондағы шенділер хабарласып, Қазақстанға 9 дивизия кіруге дайын тұрғанын айтып, сақтандырыпты.  

«Шерулер енді басталып жатқан кез, әлі қантөгіс жоқ, бұзақылық жоқ, Алматыдағы шерулер де енді басталып жатқан. Сол кезде маған Мәскеуден жігіттер хабарласты. Үлкен погондағы шенділер, сенуге болатын адамдар. Сендердің елдеріңе кіруге 9 дивизия дайын тұр. Атауларын да атап айтқан, оның ішінде әуе-десант күштері, басқа да күштер, ауыр қарулармен жабдықталған дивизиялар бар. Жақын күндері елдеріңе кіреді, өздерінің тәртібін орнатады деді. Содан бұл туралы билікке айтып көрдім, хабар жібердім, бірақ олардан ешқандай ұсыныс, әрекет болған жоқ. Сосын амалсыздан теледидарға шығып, осындайды айтуға тура келді» деді. Менің ойымша, егер ОДКБ әскері кірсе, Ресейдің жаңағы зұлымдық идеясы іске аспайтын еді. Себебі ОДКБ халықаралық күштер ғой. Оған біз де мүшеміз.  Бірақ 1-2 күннен кейін Мемлекет басшысы ретінде ОДКБ-ға Тоқаев та шағымданды. Және тез, бірнеше сағат ішінде шешім қабылданды әрі Ресейдің ойы іске аспай қалды. Сондықтан олар амалсыз ОДКБ құрамында ғана дайын тұрған бір полк әскерін жіберді, - дейді кәсіпкер.

Айтжанов айтқандай, аз уақытта мұнша әскер дайындап қою мүмкін емес. Ал бір дивизияда шамамен 10-20 мың аралығына сарбаз болады.
 

 

Барлық жаңалықтар