00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Ерекше жандарға аксессуар жасаудан басталған бизнес

25.02.2023 | 12:21
Сабина Кәкімжан
63

10 жылдан бері елордада тұратын Ақмарал Еңсебекқызы жолдасымен ерекше жандарға арналған аксессуарлар жасаумен айналысады. Кәсіпті нәсіп етуге баласы себепші болған.

Біздің Аян және Раян есімді егіз ұлымыз бар. Олар 2014 жылы дүниеге келген. Егіздің сыңары Аянға 1 жасында церебральды сал ауруы (ДЦП) диагнозы қойылды, - деді ол.

Содан кәсіпкерлерге ерекше балаларға арналған жаттығу құрал-жабдықтары қажет болады.

Жолдасым балаларды оңалту орталығында жұмыс істегендіктен құрал-жабдықтар жасаудан хабары бар. Осы іске қызығушылығы болған жолдасым бірден жасап көруге асықты. Содан көп ұзамай 3 функцияда жұмыс істейтін баспалдақ жасап берді. Ол сапалы шықты.  Кейін бұған ерекше балалары бар ата-аналардан тапсырыс түсе бастады. Сөйтіп, сұраныс артты. Біздің елде нарықта бұл сала аса дамымағанын байқадық. Мұны жасайтындар саны аз екенін біліп, осы саланы кәсіп ретінде бастауды жөн көрдік, – деді қала тұрғыны.

Елордалық кәсіпкердің айтуынша, бизнесті бастауға қаржы болмаған.

Қолымызда дайын құрал-жабдықтар да болған жоқ. 2020 жылы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына барып, «Бизнес Бастау» жобасына қатысуға ниет білдірдік. Барлық талаптарынан мүдірмей өтіп, нәтижесінде 200 айлық есептік көрсеткіш есебінде грант ұтып алдық. Шамамен 600 мың теңгеге аксессуарларды дайындауға қажет құрал-жабдықтарды сатып алдық, - деп еске түсірді ол.

Ал былтыр олар қалалық әкімдіктің құны 5 млн болатын грантын ұтып, кәсіптерін одан сайын кеңейтті. Бұл қаражатқа станоктар сатып алып, цехтарын үлкейткен. Бүгінгі таңда кәсіпкер 3 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Біз ерекше жандарға арналған жаттығу құрал-жабдықтары мен ұсақ моториканы дамыту үшін монтессори, эрготерапия кабинеттеріне арналған заттарды жасаймыз. Мысалы, ходунок тепе-теңдікті сақтауға және құлап қалмауға, сенімділікпен жүруге көмектеседі. Ал вертикализатор тек туабітті ауруға шалдыққан науқастарға ғана арналмаған. Бұл құрылғы күрделі отадан болмаса жол апатына ұшырағаннан кейін науқастың ұзақ уақыт жатып қалмауына жәрдемдеседі. Сондай-ақ ол жарақаттан соң оңалту кезеңінде тік қалыпқа келтіруге мүмкіндік беретін көмекші құрылғы, - деді елордалық тұрғын.

Тағы бір айта кетерлігі, кейбір заттарды балалармен қоса, инсульт алған адамдар да қолдана береді.

 

Барлық жаңалықтар