00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Іздеу

Виктор Храпуновтың Қазақстандағы жер телімдері тәркіленеді

25.02.2023 | 11:27
Елорда ақпарат
92

Шығыс Қазақстанда орналасқан Храпуновтың 8 жер телімін тәркілеу бойынша атқарушылық іс қозғалды, – делінген хабарламада.

Еске салсақ, 2018 жылдың қазан айында Алматыда қаласының бұрынғы әкімі Виктор Храпунов пен оның жұбайы Лейла Храпунова сырттай сотталған болатын.

Виктор Храпунов ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған жетекшілік ету, алаяқтық, пара алу, бөтеннің мүлкін иемдену, сондай-ақ қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды. Оның мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылып, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеумен 17 жылға сырттай кесілген. Лейла Храпунова да кінәлі деп танылып, сырттай 15 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қазіргі таңда Храпуновтар шетелде тұрады.

Барлық жаңалықтар