00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Жеңілдетілген автонесие бойынша екі банк қана өтініш қабылдайды

25.02.2023 | 09:23
Елорда ақпарат
24

Қор Еуразиялық банк пен Қазақстан Халық банкіне жеңілдетілген автонесиелерді қаржыландыру бағдарламасы бойынша кезекті транштарды бөлу туралы хабарлады.

Бөлінген лимиттер мөлшері:

«Евразиялық банк» АҚ-ға - 10 миллиард теңге;

«Қазақстан Халық банкі» АҚ-ға - 7,5 миллиард теңге.

Бағдарлама бойынша қатысушы банктерге барлығы 90 миллиард теңге аударылған.

Бүгінде қатысушы банктер жалпы сомасы 82 миллирад теңгеге 10 888 өтінімді мақұлдап, 4 847 автокөлік берді. Жалпы сомасы 90 миллиард теңгенің бөлінбеген лимиті - 8 миллирад теңге.

Осы сома шегінде автонесие алуға өтінішті тек «Еуразиялық банк» АҚ мен «Қазақстан Халық банкі» АҚ қабылдайды. Бағдарламаға қатысушы қалған банктер бөлінген лимиттерді толық игерді, - делінген хабарламада.

Барлық жаңалықтар