00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Елордада жас журналистермен жемқорлыққа қарсы кездесу өтті

25.02.2023 | 06:10
Елорда ақпарат
39

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінде журналистердің өкілеттіктері мен құқықтарының әлеуетін барынша толық пайдалануға ықпал ету қажеттігі атап өтілді, өйткені масс-медиа тұрақты мінез-құлық стереотиптерін қалыптастыруға қабілетті, қоғамдық санаға ықпал ету тетігі болып табылады.

Сондай-ақ, спикер бұқаралық ақпарат құралдарының қазіргі қоғамдағы маңызды рөлін айқындап, "төртінші билік" көзі екенін атап өтті, өйткені ақпарат дәуірі келді, онда ақпарат – қоғамдық пікірді қалыптастырудың маңызды құралы. Антикоррупциялық қызметтің өкілі БАҚ ресурстары қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушіліктің қалыптасуына ықпал етуі үшін осы мәселе бойынша нақты тұжырымдалған ұстанымның маңыздылығын атап өтті.

Қоғамда сыбайлас жемқорлық тәртібіне төзбеушілікті қалыптастыру – сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда бірінші кезектегі маңызды міндет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік саясаттың барлық шараларының табыстылығы қоғамның сыбайлас жемқорлықты және оның барлық ықтимал көріністерін қаншалықты төзбейтіндігіне және белсенді түрде жоққа шығаратындығына байланысты.

Дулат Төлепов өзінің жас әріптестеріне кітап оқуға кеңес берді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы БАҚ рөлін арттыру үшін салаға келесі бағыттарды енгізуге шақырды:

- азаматтардың құқықтық санасын арттыру мақсатында сыбайлас жемқорлық көріністерінің ықтимал нысандары туралы халықты ағарту;

- түрлі өңірлерде, соның ішінде шетелде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді тәжірибесін сипаттау және жариялау;

- биліктің түрлі құрылымдары қызметінің ашықтығы мен айқындығына ықпал ету.

Барлық жаңалықтар