00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Аутизмі бар балаларды оқытатын қазақ тіліндегі алғашқы кітап шықты

25.02.2023 | 01:04
Елорда ақпарат
35

«Ерекше балалар. Мінез-құлықты қолданбалы талдауға кіріспе: проблемалы мінез-құлықты түзету қағидалары мен аутизм спектріндегі бұзылыстар және басқа да даму ерекшеліктері бар балаларды үйрету стратегиялары» атты кітабының тұсаукесері өтті. Бұл – мінез-құлықты қолданбалы талдау (ABA) туралы қазақ тіліне аударылған бірінші кітап. АВА терапиясы – ғылыми дәлелденген тиімділігі бар дамуында ерекшеліктері бар балаларды оқытудың әлемдегі санаулы әдістерінің бірі. Кітап «Болашақ» қоры мен «Шеврон» компаниясының серіктестігі негізінде аударылып, басып шығарылды.

Бұл кітап – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту ерекшеліктері туралы «Особые дети. Введение в прикладной анализ поведения (АВА): принципы коррекции проблемного поведения и стратегии обучения детей с расстройствами аутистического спектра и другими особенностями развития» кітабының қазақ тіліне аудармасы. Кітапта мінез-құлықты қолданбалы талдаудың (ABA) негізгі қағидалары жазылған, проблемалы мінез-құлықты түзету әдістері егжей-тегжейлі сипатталған, сондай-ақ дамуында ерекшеліктері бар балаға дағдыларды үйрету стратегиялары сипатталған. Кітап педагогтерге, дефектологтарға, логопедтерге және ерекшеліктері бар баланы тәрбиелеп, оқытып отырған ата-аналарға пайдалы болады. Кітаптың авторлары – сертификатталған мінез-құлық талдаушылары Юлия Эрц пен Ольга Мелешкевич.

Осы әдебиетті аудару арқасында «Болашақ» қоры қазақ тілді мамандарға Қазақстанда ерекше балалармен жұмыстың тиімділігін арттыру үшін жағдай жасай отырып, түзету педагогикасының озық әдістемелеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Іс-шараға «Болашақ» қоры Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Гаплан, Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова, «Шеврон» компаниясының жұртшылықпен байланыс жөніндегі үйлестірушісі Жанар Кошпанова қатысты. Тұсаукесердің ресми бөлігі аяқталғаннан кейін Қор мамандары өңірлердің мамандары мен ерекше балалардың ата-аналары үшін мінез-құлықты қолданбалы талдау бойынша бір топ семинарлар өткізді.

Кітаптың аударылуы және басылуы «Болашақ» қорының «Әр бала мектепке баруға лайықты» жобасы аясында жүзеге асырылған. Жоба 2015 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді және мектеп пен балабақшаларда аутизм бар және дамуында басқа да ерекшеліктері бар балалар үшін білім берудің инклюзивті моделін әзірлеуге және енгізуге бағытталған.

Барлық жаңалықтар