00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

«Сонда олар Президенттен артық па?!»: Максим Рожин Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне шүйлікті

25.02.2023 | 00:43
Елорда ақпарат
33

Менің түсінбейтін құрметті Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, бізде мемлекетті басқарып отырған басшының өзі мемлекеттік тілден емтихан тапсырады, «А» мен «Б» корпусына үміткерлердің сонда Президенттен не артықшылығы бар?

Сіздердің міндеттеріңіз мемлекеттік қызметтің мемлекеттік тілді біліп жүргенін талап ету, әйтпесе ол қандай мемлекеттік қызметкер? Осы мәселеге қатысты ресми жауап бергеніңізді талап етемін, құрметті Агенттік басшылығы! Мемлекеттік тілде халыққа қызмет ете алмаған шенеунік анахронизмге айналуы керек дегенді Президент айтқан болатын. Осыны іске асыру қашан басталады? – деді ол.

Сондай-ақ Максим Рожин Мемлекет басшысының «Госслужащие, не умеющие вести дискуссию и диалог на государственном языке в Парламенте или на пресс-конференциях, должны стать анахронизмом», – деген сөзін мысалға келтірген.

 

Барлық жаңалықтар