00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елімізде нан қымбаттай ма

24.02.2023 | 15:09
Елорда ақпарат
38

Бүгінде Қазақстан нарығында да, әлемдік нарықта да бидай бағасының өсімі байқалады. Бірінші сұрыпты ұннан жасалған формадағы нан әлеуметтік нан деп аталады, яғни бағаны реттеу жүзеге асырылатын тауарлар тізіміне енгізілген. Егер жүргізілген сараптамаларға сүйенетін болсақ, нан бағасының күрт өсуіне негіз байқап отырғанымыз жоқ . Өңірлерде әлеуметтік нан бағасы тұрақты. Қазір бидайға немесе ұнға сұраныс жоқ. Бидай мен ұн нарықта жеткілікті мөлшерде бар. Астық жинау науқаны аяқталып қалды, қамбада бидай бар. Сәйкесінше, ұн шығаратын және нан өндіру кәсіпорындарына да жеткілікті мөлшерде шикізат жеткізіледі, - деді Сұлтанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Спикер сонымен бірге әлеуметтік нан бағасы өскен жағдайда үкіметтің мемлекеттік реттеу шараларына жүгінетінін де нақтылай кетті.

Барлық жаңалықтар