00:00
Астана -10oC
USD:
473.15
EUR:
515.12
RUB:
5.4
Іздеу

Мүгедектігі бар адамдарға қазаннан бастап жаңа жәрдемақы төленеді

24.02.2023 | 15:09
Елорда ақпарат
77

Вице-министрдің айтуынша, 2019 жылы Үкімет қаулысымен мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар қабылданған. Соңғы екі жылда осы бағытта 1 Кодекске, 2 Заңға, Президенттің 1 Жарлығына, Үкіметтің 2 қаулысына, Ұлттық банк басқармасының 1 қаулысына, министрліктердің 12 бұйрығына өзгеріс енгізу және әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілді. 

«23 қыркүйекте Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қаралып, мақұлданды. Жақын арада заң Мемлекет басшысына тапсырылады. Заң 19 түбегейлі түзетуді, 16 заңнамалық актіге өзгертулер енгізуді көздейді. Бұл нормаларды жүзеге асыру үшін биыл және келесі жылға 55 млрд теңге бөлінді. Қазан айынан бастап мүгедектігі бар адамдар және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар жаңа жәрдемақы ала бастайды», – деді Ерлан Әукенов.
 

Барлық жаңалықтар