00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қазақстандықтар қанша ет жейді

24.02.2023 | 15:07
Елорда ақпарат
51

Бәрінен бұрын қой еті қаттырақ қымбаттады (14,9%). Одан кейін жылқы еті (9,4%), сиыр еті (7,8%) және шошқа еті (7,4%) келеді. Құс еті мал етіне қарағанда аса қымбаттай қойған жоқ (3,2%).

Биылғы тамызда сүйекті сиыр етінің келісі еліміздің дүкендері мен базарларында орташа есеппен 2,2 мың теңгеге сатылған. 

Сүйекті жылқы етінің келісі – 2,5 мың теңге, шошқа еті – 1,8 мың теңге, қой еті – 2,4 мың теңге, тауық еті 1,02 мың теңге тұрған.

ірі қара мал, шошқа, қой, ешкі және жылқының жаңа сойылған немесе салқындатылған етін өндіру көлемі биылғы сегіз айда 43 мың тоннаны құрады, бұл былтырға қарағанда 4,6%-ға азырақ. 

Үй құсының етін шығару саласында жағдай сәл жақсырақ: мұнда жаңа сойылған немесе салқындатылған ет өндірісінің көлемі бір жылда 4,3%-ға өсіп, 71,6 мың тоннаға, ал мұздатылған ет өндірісінің көлемі 13,2%-ға өсіп, 86,1 мың тоннаға жетті. 

Тағы бір қызығы, соңғы уақытта қазақстандықтар ет жеуді азайтып келеді. Биылғы бірінші жартыжылдықта орташа есеппен бір адам 2,5 келі қой етін (былтырға қарағанда 10,6%-ға аз), 2,2 келі тауық етін (4,4%-ға аз), 3 келі жылқы етін (2,7%-ға аз), 1,7 келі шошқа етін (2,7%-ға аз) тұтынған. Ал сиыр етін тұтыну көлемі, керісінше, көбейген: жарты жылда орташа есеппен әр адам 11,8 келі сиыр етін жепті (былтырға қарағанда 0,9%-ға көп). 

Ал сиыр етін тұтыну көлемі, керісінше, көбейген: жарты жылда әрбір қазақстандық орташа есеппен 11,38 келі сиыр етін жепті (бұл былтырға қарағанда 0,9%-ға көп).

Бұрын хабарлағанымыздай, биыл қазақстандықтардың 7%-ы күнара ет, тауық немесе балық қосылған ыстық тамақ алуды қалтасы көтермейді. 

 

 

Барлық жаңалықтар