00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Ең кедей қазақстандықтар қай өңірде тұрады

24.02.2023 | 14:54
Елорда ақпарат
48

Ауылдық жерлердегі кедейшілік деңгейі қаладағыдан екі есе жоғары: қалалықтар арасында кедейлер үлесі 3,4% болса, ауылдық жерлерде бұл көрсеткіш 6,8% болып отыр. Былтыр бұл көрсеткіштер сәйкесінше 4,2% және 7,8%-ға тең болған-ды. 

Өңірлер бойынша қарастырсақ, 2021 жылдың екінші тоқсанында табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне жетпейтін халықтың көп бөлігі бұрнағы кезеңдердегідей Түркістан облысында болып шықты. Облыс тұрғындарының 10,5%-ы кедейлер санатына жатады. Антирейтингтің үштігінде Ақмола облысы (6,6%) мен Шымкент (5,6%) те бар. 

Былтырғы көрсеткіштермен салыстырсақ, Солтүстік Қазақстан облысындағы кедейшілік деңгейі бәрінен де көбірек (4,9%-ға) төмендеген. 

17 өңірдің 2-еуінде – Маңғыстау облысы (5,4%-ға) мен елордада (1,9%-ға) кедейшілік деңгейі былтырға қарағанда өсті. 

Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне жетпейтін халықтың көп бөлігі (761,9 мың адам) 5 немесе одан көп адамы бар үйлерде тұрады. 99,4 мың адам – 4 жан бар үйлерде, 38,9 мың адам – 3 жан бар үйлерде, 8,3 мың адам – 2 жан бар үйлерде тұрады. Кедей қазақстандықтар арасында жалғыз тұратындар өте аз (небәрі 794 адам). 

 

Барлық жаңалықтар