00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Жерорта теңізінде мигранттар мінген 3 қайық апатқа ұшырады

25.04.2023 | 21:30
42

Оларға Италияның жағалау күзеті көмекке келді, деп хабарлады Elorda.info 24.kz-ке сілтеме жасап.

Бірінші қайық Лампедуза аралының жағалауында суға батып кеткен. Құтқарушылар көбісін ажалдан арашалап алды. Бірақ 3 босқын із-түссіз жоғалып кетті. Тағы 2 қайық Мальта аралының маңында апатқа ұшырады. Аман қалғандардың айтуынша, 20-дан аса адам хабарсыз кеткен. Жалпы Лампедуза аралына 200-ден аса мигрант жеткізілді. Биыл теңіз асып, Италияға өтпек болған мигранттар саны күрт өсті. Жыл басынан бері осы жолмен 28 мыңнан аса босқын келген. Мәселен, өткен жылдың осы кезеңінде олардың саны 6800 болған еді.  


 

Барлық жаңалықтар