00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Жүк көлігі апатынан 10 адам қаза тапты

04.05.2023 | 20:30
62
Фото: report.az

Үндістанның Чхаттисгарх штатында жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, он адам қаза тапты. Сондай-ақ жол апатынан бір бала зардап шекті, деп хабарлады Elorda.info.

Жүк көлігінің жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен, деп жазады Azattyq ruhy.

Балод ауданындағы Джагатра маңында жүк көлігі мен жеңіл көліктің соқтығысуы салдарынан он адам қаза тауып, бір бала ауыр жарақат алды, - деп жазылған хабарламада.

Жәбірленуші Райпур қаласындағы ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта полицейлердің мәліметінше, жүк көлігінің жүргізушісін іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.

Барлық жаңалықтар