00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Тәліптер әйелдерге бақшасы бар мейрамханаларға баруға тыйым салды

11.04.2023 | 20:30
51
фото: pixabay

Тәліптер отбасы мен әйелдерге Ауғанстанның солтүстік-батысындағы Герат провинциясындағы бақшасы бар мейрамханаларға баруға тыйым салды, деп хабарлады Elorda.info.

Times Of Indiа мәліметінше, аты-жөні жасырылған шенеуніктің айтуынша, бұл шаралар дін ғалымдары мен қоғам өкілдерінің мұндай жерлерде әйелдер мен ерлердің араласып кететіні жөніндегі шағымдарынан кейін қабылданған. 

Тәліптер тыйым ерлер мен әйелдердің араласуына байланысты және әйелдер хиджабты дұрыс кимегендіктен енгізілді деп мәлімдейді.

Далада тамақтануға тыйым салу Гераттағы мекемелерге ғана қатысты, өйткені онда мұндай үй-жайларға баруға ер адамдарға әлі де рұқсат етілген. Бұл – 2021 жылдың тамызында билікке келген сәттен бастап Талибан (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) енгізген бірқатар шектеудің соңғысы.

Олар алтыншы сыныптан кейін қыздарды мектепке, ал әйелдерді университеттерге жібермейді, кейбір жұмсытарды істеуге, соның ішінде БҰҰ-да жұмыс істеуге рұқсат бермейді. Сондай-ақ қыз-келіншектерге саябақтар мен спорт залдар сияқты қоғамдық орындарға баруға тыйым салынған.

Барлық жаңалықтар