00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Кенияда орман ішінде өз-өздерін өлтіріп жатқандар саны 201-ге жетті

14.05.2023 | 15:30
49

Кенияда діни рәсім құрбандарының саны 201 адамға жетті. Мұнда олар орман ішінде Исамен кездесеміз деп аштан өлуге бекіген, деп хабарлады Elorda.info Reuters басылымына сілтеме жасап. 

Аймақ билігінің хабарлауынша, Шакахол орманынан халықаралық «Қайырлы хабар»  шіркеуінің ізбасарларының тағы 22 мәйіті шығарылды. Бұл қайғылы оқиғадан қаза тапқандардың жалпы санын 201-ге жетті. 

Қазір Кенияның барлау агенттіктері орманның қалдықтары мен ықтимал тірі қалғандары үшін зерттеуді жалғастыруда. Сонымен бірге жүздеген адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында. 

Еске салсақ, бұған дейін Кенияда «Ізгі хабар» сектасы тұрғындар миын улап тастағанын хабарлаған болатынбыз. Салдарынан олар орман ішінде Исамен кездесеміз деп аштан өліп жатыр. Ал олардың миын улап тастаған Пол Макензи Нтенге бұған дейін де бірнеше мәрте діни экстримизмге қатысы бар деген күдікпен айыпталған.

 

Барлық жаңалықтар