00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Көрші Өзбекстанда халық саны 36 миллионнан асты

12.04.2023 | 17:00
63
фото: atr-ato.kz

Өзбекстан халқының күнделікті өсімі 2 мың адамды құрайды, деп хабарлады Elorda.info Республика Статистика агенттігінің деректеріне сілтеме жасап.

2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Өзбекстан халқының саны 36 млн 197 мың адамнан асты. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тұрғындардың жалпы саны 2,2%-ға өсті.

2023 жылдың басынан бері ел азаматтарының саны 172,8 мың адамға немесе осы жылдың әр айында шамамен 57,6 мың адамға өсті.

Тұрғындардың жалпы санының 18,4 миллионнан астамы қалаларда, 17,7 миллионы ауылдық жерлерде тұрады.

Барлық жаңалықтар