00:00
Астана -10oC
USD:
441.44
EUR:
473.09
RUB:
4.75
Іздеу

Ер адам мешітте намаз оқып жатқан имамның арқасына пышақ сұққан

11.04.2023 | 17:36
33
Фото: islamnews.ru

Американың Нью-Джерси штатының мұсылман қауымының өкілдері, соның ішінде көбіне этникалық түріктер тұратын Патерсон қаласында жергілікті мешіттердің бірінің имамына қарулы шабуыл жасалды, деп хабарлады Elorda.info

Anadolu агенттігінің мәліметінше, оқиға жексенбі күні Omar Mosque мешітінде таңертеңгі намаз кезінде болған.

Қаскүнем 65 жастағы имам Сайед Әл-Нақиб сәждеге басын тигізгенде арқасына пышақ сұққан.

Бейнебақылау камерасынан түсірілген кадрларда 32 жастағы шабуылдаушы Шериф Зорба намаз оқу барысында дұға етушілердің үстінен секіріп, шабуыл жасағанын көруге болады.

Алайда өз дегеніне жеткен шабуылшы одан әрі де қолындағы пышағын тастамай, оны тоқтатқысы келгендерді қорқыта бастаған. Соңында ол ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді.

Имам Әл-Нақиб мешітке ең жақын Әулие Джозеф ауруханасына жатқызылды. Оның өміріне қауіп төнбеген.

Алдыңғы күні өткен соттың бірінші отырысына Зорба Берген аудандық түрмесінен онлайн режимде қатысты. Ол «кісі өлтірмек болғаны» үшін айыпталып жатыр.

Мешіт қоғамдастығының басшылығында және полицияда қылмыстың себебі анықталмаған. Тергеу жалғасып жатыр.

Барлық жаңалықтар