00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

«Бірнеше ғимаратқа зақым келді»: Мәскеуге дронмен шабуыл жасалды

30.05.2023 | 13:00
56
Фото: видеодан скриншот

Мәскеуде дронмен шабуыл салдарынан бірнеше ғимаратқа зақым келді, деп хабарлады Elorda.info

Бұл ақпаратты қала мэрі Сергей Собянин Telegram-арнасында жазды. 

Тұрғындар жарылыс дыбысын естігенін хабарлап жатыр. Baza Telegram-арнасының мәліметі бойынша, дрон тұрғын үйдің 16-қабатындағы пәтердің терезесіне түскен. Үй тұрғындары эвакуацияланған.

Қала мэрі Собянин оқиғадан зардап шеккендер жоқ екенін мәлімдеді.

Бүгін таңертең ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылы бірнеше ғимаратқа аздап зақым келтірді. Қаланың барлық шұғыл қызметі оқиға орнында. Олар болған оқиғаның мән-жайын анықтайды. Ешкім ауыр зардап шеккен жоқ. Тек ресми дереккөздерге сенулеріңізді және тексерілмеген ақпаратты таратпауларыңызды сұраймын, - делінген хабарламада.

Ал Мәскеу облысының губернаторы Андрей Воробьев бірнеше дрон атып түсірілгенін айтты.

Барлық жаңалықтар