00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

«Қазақ бетін тұмшаламаған»: Танымал имам хиджабқа қатысты пікір білдірді (ВИДЕО)

04.04.2023 | 16:49
61
Фото: Orda.kz

Танымал имам Нұрлан Байжігітұлы хиджабқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы ол Динара Сәтжанға берген сұхбатында айтқан. 

Бізде «хиджаб» деген сөз болмады. Бірақ орамал болды, кимешек киді. Оның үстіне, Қазақстанда аналарымыз ақ орамал таққан. Бізде көзіне дейін қап-қара етіп жабу, оны «никаб» дейді, болмаған. Ол біздің дәстүрге келмейді, біз ашық айтамыз. Кейбіріне ол ұнамай жүр. Қазақта бетін тұмшалау жоқ. Қазақ бетін тұмшаламаған. Қазақта орамал таққан, кимешек киген, ұзын етекті көйлек киген, қамзол киген, ұлттық нақыштағы, оюлы киім киген. Біз солай дараланғанбыз. Біз соған қайтып келуіміз керек. Бәріне қап-қара тағып алу - дұрыс нәрсе емес. Ол - еліктеу, - дейді имам. 

Барлық жаңалықтар