00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қатты ыстықтан 61 мың адам көз жұмған

11.07.2023 | 22:00
76
фото: REUTERS

Өткен жазда Еуропадағы рекордтық аптап ыстықтан 61 мыңнан астам адам қайтыс болды, деп хабарлады Elorda.info Nature Medicine журналына сілтеме жасап.

Деректерге сәйкес, 2022 жылдың жазындағы аптап ыстықтан көз жұмғандар саны 61 мыңнан асып кеткен.

Ғалымдар Еуростаттың 30 мамыр мен 4 қыркүйек аралығындағы кезеңде жүргізілген апта сайынғы адамдар өлім-жітімінің барлық себебіне қатысты деректеріне талдау жасаған. Нәтижесінде Еуропадағы рекордтық аптап ыстық салдарынан 61 672 адам қайтыс болған.

Ыстықтан көз жұмғандардың басым көпшілігі Италияда тіркелген. Бұл елде 18 мың адам ыстықтан көз жұмған. Одан кейін Испанияда – 11,300, Германия – 8,173 және Франция 4,807 адам өлімі тіркелген.

 

Барлық жаңалықтар