00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Алматыда Қазақстан мен Түркия журналистерінің басқосуы өтті

29.08.2023 | 05:00
75
Фото: Қайрат Қонысбай

Алматыда  Қазақстан мен Түркия журналистерінің басқосуы өтті, деп хабарлады Elorda.info  «Түркітілдес журналистер қоры» сайтына сілтеме жасап.

Іс-шараға отандық ақпарат саласының өкілдерімен қатар, түрік елінің білікті мамандары қатысты. Атап айтқанда, Балыкесир Журналистер одағының төрағасы Рамазан Демир, Түркия Ақпарат министрлігінің мамандары мен отандық бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары қатысты. Екі ел журналоистерінң басын қосқан шара  «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ мен Дүниежүзілік шетелдік баспасөз ассоциациясының ұйытқы болуымен өтті. 

Басқосуға Түркиядан келген Балыкесир Журналистер одағының төрағасы Рамазан Демир екі елдегі БАҚ өкілдерінің байланысын жан-жақта нығайтудың маңыздылығына тоқталды. 

Меніңше, қазақ-түрік журналистерінің арасында басталған кәсіби ынтымастықты бұдан кейін жергілікті басқару, әкімдік, мемлекеттік қызметкерлер арасында жалғастыру керек. Түркиялық, қазақстандық журналистерде кездесетін қиындықтар мен кедергілерді ақылдасып, кеңесіп шешетінімізге сенемін. Ынтымастық кезінде де осы мәселе қаралады. Империализмнің күшейген тұсында журналистердің тек шындыққа негізделген нақты ақпаратты беруі арқылы мемлекетті дамыта алатынына сенеміз. Біз журналистер басқалардың емес, халықтың дауысы, үні болуымыз керек. Ақпараттық технологиялардың дамыған кезеңінде, жасанды интеллекттің өркендеген дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан журналистиканы жаңа үдерістерге бағыттай отырып дамытуымыз керек, – дейді Балыкесир Журналистер одағының төрағасы Рамазан Демир. 

Кездесуде елімізде жобасы талқыланып жатқан Қазақстандағы  «Масс-медиа туралы» заң жобасы аясындағы түрлі мәселелер қозғалды. Түркиялық әріптестер өз елінде  журналистер мен медиа саласына қатысты заңның  ерекшеліктерін айтып кетті.   

Түркияда журналистерге барлық жағдай қарастырылған «Масс-медиа туралы» заң жобасында олардың құқығы мен міндеттері ашық әрі нақты жазылған. Интернет-порталдар мен сайттарға қайтарымсыз несие қарастырылған. Журналистерге пайызсыз несие беріледі. Журналист қаза тапқан немесе оқыс оқиғаға тап болған жағдайда, отбасына қайтарымсыз көмек беріледі. Сонымен қатар, журналистерді кәсіби тұрғыда дамыту мақсатында семинарлар мен тренингтер ұйымдастырылады. Мемлекет тарапынан журналистерге көрсетілетін мұндай көмек қарапайым халықтың нақты ақпаратқа қол жеткізе алуы үшін журналистердің алаңсыз жұмыс істеуіне мүмкіндік беруге жасалады. Бұған дейін газеттерге ғана осындай қаржылық көмек берілетін, кейін қайта қаралып, заңға өзгерулер енгізілді. Енді сайттағы тілшілерге де осындай көмек көрсетіле бастады. Алдағы уақытта да журналистерге «Масс-медиа туралы» заң жобасы аясында көмек көрсетілмек. Түрік журналистерінің шетел журналистерімен ынтымақтастық орнатқандарын қолдаймыз, - деді Түркия ақпарат министрлігінің өкілі.

  Басқосу кезінде Қазақстан мен Түркия арасындағы БАҚ қызметкерлерінің ынтымақтастығын одан әрі дамыту жолдары талқыланды.  

Барлық жаңалықтар