00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

АҚШ-та қазақ жігіті 3 қарақшыға тойтарыс беріп, қаруларын тартып алған (ВИДЕО)

17.04.2023 | 14:30
71
Фото: видеодан скриншот

АҚШ-тың Маями қаласында 3 жігіт Олжас Қаныбек есімді қазақ азаматына қарақшылық шабуыл жасаған, ал ол қаскүнемдерге бірден тойтарыс беріп, қаруларын тартып алған көрінеді, деп хабарлады Elorda.info

Олжас өзінің Instagram парақшасында оқиғаның қалай болғанын егжей-тегжейлі айтып берді.

Оның сөзіне сенсек, 3 жігіт сөмкесін тартып алып, тонамақ болыпты. Олжас сөмкесінде құжаттары, телефондары мен ақшасы болғанын айтады. 

Ол бұзақылардың бірін қуып жүріп ұстап алып, жібермей қойған. Сөйтіп, полиция шақырған. Қолға түскен жігіттің қаруын, телефонын тартып алған.

Осы кезде қарақшының қаруланған екі досы оны босату үшін қайта оралған. Бірақ Олжас оларға да қарсылық көрсетіп, қаруларын тартып алған. Кейін олар оқиға орнынан қашып кеткен. Көп ұзамай полицейлер жеткен. Қазірде бұзақыларды 6 полиция көлігі және тікұшақпен іздеп жатыр екен. 

Бетіме мылтық тақағанда қорқып кеттім. Бірақ қазақтың жігіттері осал емес. Келген полиция қызметкерлері де «не деген жүрегінің түгі бар жігітсің» деп таңғалып жатыр, - дейді ол. 

Оқиға орнына психологтар мен дәрігер де келіп, Олжастың жағдайын тексерген. Сондай-ақ киімдерін ДНҚ сараптамасына тексеруге жіберген. 

Ескерту: Видеода бейәдеп сөздер бар.

 

Барлық жаңалықтар