00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Бразилияда оқушы мұғалімін мерт қылды

01.04.2023 | 00:55
Елорда ақпарат
49

Бразилияда жантүршігерлік оқиға болды. Сан-Паулу қаласында 13 жастағы оқушы мұғалімін пышақтап өлтірді, деп хабарлады Elorda.info 24.kz-ке сілтеме жасап.

Жеткіншіктің қолынан тағы 3 ұстазы мен 2 сыныптасы жарақат алған. Көз жұмған әйел мұғалімнің жасы 71-де екен. 5 жерінен пышақ сұғылған ол ауруханада қайтыс болды. Бірнеше ересек баланы ұстап алып, полицияға тапсырған. Әзірге оның не үшін шабуыл жасағаны түсініксіз. Сан-Паулуда 3 күн қаралы деп жарияланды. Тергеу жүріп жатыр.
 

Барлық жаңалықтар