00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

БҰҰ: Жүкті әйел өлімі жиіледі

31.03.2023 | 23:23
Елорда ақпарат
30

Әлемде әр екі минут сайын бір жүкті әйел көз жұмады. БҰҰ осындай деректерді келтіріп отыр, деп хабарлады Elorda.info Хабар24-ке сілтеме жасап.

2000-2015 жылдар аралығында ана өлімі айтарлықтай қысқарған еді. Алайда 2016 жылдан бастап көрсеткіштер қайта нашарлаған. Бұған сапалы медициналық көмектің қолжетімсіздігі себеп.

Статистикаға сүйенсек, әйелдердің үштен бірі босануға дейінгі тексерулердің жартысынан да өтпейді немесе босанғаннан кейін негізгі медициналық көмек ала алмайды. Соның салдарынан 2020 жылы әлемде 287 мың өлім тіркелген. Қайғылы оқиғалардың дені кедей елдерде, әсіресе Африкада болған. Десе де Аустралия, Жаңа Зеландия, Орталық және Оңтүстік Азияда керісінше ана өлімі азайған.

Сарапшылар медициналық көмектің сапасын жақсартып, қыз-келіншектерге отбасын жоспарлауға қатысты көмек көрсетуге шақырып отыр.  

Барлық жаңалықтар