00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Зілзаладан кейін Түркия туризмі қалай өзгерді

31.03.2023 | 23:21
Елорда ақпарат
53

Жер сілкінісі ел туризміне аса ықпал ете қоймаған. Бұл туралы Түркия Республикасының Қазақстандағы елшісі Уфук Екиджи мырза айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Inbusiness.kz жазуынша, Түркия - бүкіл әлемнің туристері таңдайтын ең танымал 4 елдің бірі. Мұнда жыл сайын 40 млн-нан астам қонақ күтілсе, оның ішінде 400-450 мың адам - Қазақстаннан демалуға баратындар.

Түрік елшісінің айтуынша, елдің туристік статистикасына пандемия үлкен әсер етіп, қонақтар саны қысқарғанымен, шектеулер алынғаннан кейін олардың саны бірден 45 млн-ға жетіп, оның ішінде қазақстандықтар саны бірден 600-700 мыңға артқан.

Түркияда танымал туристік қалаларға Ыстамбұл, Анталья мен Алания жатады, соңғы екеуі зілзала орнынан 600 шақырым қашықтықта жерде орналасқан, сондықтан туризмге айтарлықтай залал келтірілмеді.

Дегенмен тарихи нысандар мен діни құрылыстар орналасқан Газиантеп пен Хатайда туристер қабылдау уақытша тоқтатылады. Әзірге зілзала шығындарын бағалау жұмыстары аяқталған жоқ, сондықтан ондағы туризм қашан нақты қалпына келтірілетіні белгісіз, - деді елші.

Әзірге туристік броньдарды жаппай тапсыру сынды оқиғалар тіркелген жоқ, туристер ағыны бұрынғыдай өзгеріссіз қалды. Сонымен қатар, елші нағыз туризм маусымына әлі екі ай барын еске салды. Нақты сандық мәліметтер сол кезде шығарылады.

Барлық жаңалықтар