00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Байден ұшаққа көтеріліп бара жатып сүрініп кетті (ВИДЕО)

31.03.2023 | 23:21
ҒаниАтымтай
32

АҚШ Президенті Джо Байден Польшадағы Варшава әуежайында ұшақтың басқышымен көтеріліп бара жатып, сүрініп кеткен, деп хабарлады Elorda.info.

The New York Post басылымының жазуынша, Украинаға барған сапарынан кейін ол Польшаға ат басын бұрған. Сапары аяқталған соң Шопен әуежайында ұшаққа басқышпен көтеріліп бара жатқан Байден сүрініп кеткен. Алайда ол орнынан тез көтеріліп, қол бұлғап, есікке бет алады.

АҚШ Президентінің ұшаққа отыру кезінде сүрінуі алғаш рет емес. мәселен, 2021 жылы наурызда рейс алдында Байден ұшақ басқышында үш рет сүрініп кеткен-ді. Ақ үйдің баспасөз қызметі мұны ұйытқып соққан желмен байланыстырған болатын.

Барлық жаңалықтар