00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Түркия мен Сириядағы зілзала құрбандарының саны 50 мыңнан асты

31.03.2023 | 23:19
Елорда ақпарат
26

Түркияда 6 ақпанда болған жойқын жер сілкінісі 43 556 адамның өмірін қиды. Бұл туралы Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу мәлімдеді. Ал Сирияда белсенділер 6 747 адамның қазасын тіркеді, деп хабарлады Elorda.info.

Түркияның ішкі істер министрі Сүлейман Сойлудың айтуынша, елде жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 43 556-ға жетті. 

Сирияның адам құқықтарын бақылау орталығының мәліметінше, елде табиғи апаттан 6 747 адам опат болған.

Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен он мыңнан астам адам жарақат алды. Көптеген адам баспанасыз қалған, олар гуманитарлық көмекке зәру.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, апаттан 23 миллионға жуық адам зардап шекті. Апат мамандары жер сілкінісінің экономикалық шығынын 20 миллиард доллардан (18,8 миллиард еуро) астам деп бағалады.

Барлық жаңалықтар