00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

YouTube бас директоры қызметінен кетті

31.03.2023 | 23:06
ҒаниАтымтай
31

YouTube бас директоры Сьюзен Воджицки отставкаға кетті. Ол мұның себебін отбасы, денсаулығы мен жаңа жобалармен айналысуымен түсіндірді, деп хабарлады Elorda.info.

Tech Crunch сайтының жазуынша, Воджицки қызметкерлерге жазған хатында өмірінің жаңа тарауын бастау үшін кететінін айтқан.

Бүгін осындағы 25 жылға жуық жұмысымнан соң, YouTube-тің бас директоры қызметінен кетіп, отбасы, денсаулық және жеке жобаларға назар аударатын жаңа тарауды бастау туралы шешім қабылдадым, өйткені YouTube-те керемет көшбасшылық команда бар, - деп жазды ол.

Енді өндірістік бақылау бөлімінің басшысы Нил Мохэн бейнехостингтің жаңа бас директоры болады.

Ал YouTube-ті 9 жыл басқарған Воджицки жаңа бас директорды қолдайтынын мәлімдеді.

Барлық жаңалықтар