00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Сирияда зілзаладан қаза тапқандар саны 3 мыңға жетті

31.03.2023 | 22:50
Елорда ақпарат
33

Сирияда зілзала салдарынан 4 мыңдай адам жарақат алды, деп хабарлады Elorda.info

«Хабар 24» телеарнасының мәліметінше, апат аудандарында іздестіру-құтқару жұмыстары күні-түні жүріп жатыр. Бірақ жолдардың нашарлығы және техника тапшылығы кедергі болып тұр. Әсіресе, жасақшылар қарамағындағы өңірде жағдай ауыр. Зілзалаға дейін Түркиямен шекарадағы жалғыз өткел ашық болатын. Алайда жер сілкінісінен кейін оған баратын жолдар бұзылып, жабылып қалды.

Түркия билігінің өкілдері жақын арада 2 өткел ашатынын мәлімдеді. Әзірше бұл өңірге көмек әуе көліктерімен жеткізіліп жатыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы баспанасыз қалған адамдардың тағдырына алаңдаушылық білдіріп отыр. Олар осы суықта далада қонуға мәжбүр.

БҰҰ  жауласқан тараптарды бөліп тұрған майдан шебінен көмек жеткізуге ниетті. Алайда ол үшін Сирия Үкіметімен келісуі керек.

Барлық жаңалықтар