00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Өзбекстанда қатты аяз рекордтық деңгейге жетті

31.03.2023 | 22:30
Айман Нығмет
44

Өзбекстанда осы жылдың қаңтарындағы қатты аяз рекордтық деңгейге жетті, деп хабарлады Elorda.info «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап. 

Өзбекстан гидрометеорологиялық қызметінің мәліметінше, биыл өзбекстандықтар қаңтарда жергілікті климат үшін аса суық қысты өткерген. Екінші мыңжылдықтың басынан бері 2008 жылдың қаңтары ғана қазіргі қаңтардан сәл суық болған. 

Ауа температурасы елдің кейбір ауданында өте қатты төмендеген. Әсіресе, Ташкент қаласында 2008 жылдағыдан да, тіпті соңғы жарты ғасырдағы ең төмен деңгейге жеткен. 

Ал, Ташкент, Жизақ облыстары мен республиканың оңтүстігіндегі жекелеген стансаларды бақылау нәтижелері бойынша осы жылдың қаңтар айында метеорологиялық бақылаудың барлық жылында ең төменгі ауа температурасының абсолютті рекорды тіркелді, - деп мәлімдеді синоптиктер. 

Синоптиктер қаңтардың соңғы күндерінде аяздың біртіндеп әлсірегенін айтты. Бұл үрдіс ақпан айының басында да жалғасады. Республика аумағына Жерорта теңізі аудандарынан ылғалды және салыстырмалы түрде жылы ауа ығысады.

Барлық жаңалықтар