00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Египетте мектептер, мешіттер мен жанармай құю бекеттеріне жақын жерлерде кальян шегуге тыйым салынды

31.03.2023 | 20:59
Елорда ақпарат
31

Египетте оқу орындарынан, мешіттерден және басқа да қасиетті ғимараттардан, сондай-ақ жанармай құю бекеттерінен бір шақырымнан астам қашықтықта орналасқан жерлерде кальян ұсынуға тыйым салынған заң күшіне енді, деп хабарлады Elorda.info  youm7 порталына сілтеме жасап.

Бұл шарттар мекемеде кальянға қызмет көрсету құқығына лицензия алуға қойылатын талаптарға енгізілген. 

Талаптарға сай мекемеде ең алдымен жарамды мейрамхана немесе кафе лицензиясы болуы шарт. Кальян шегуге бөлінген аумақ мекеменің бүкіл аумағының жартысынан аспауы керек. Ал темекі шегу орындары қоршалып, онда балалар жүрмеуі керек. 

Және тағы бір шарт енді мекемелердің есігі кіріп-шығудан басқа кездері үнемі жабық тұруы керек.

Барлық жаңалықтар