00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Казино ойнауға келетін шетелдіктер үшін визасыз режим енгізіледі

31.03.2023 | 20:40
Айман Нығмет
35

Қырғызстанда арнайы ойын аймағына баратын шетелдіктер үшін елге визасыз кіру ұсынылып отыр. Сәйкес заң жобасы қоғамдық талқыға шығарылды, деп хабарлады Elorda.info ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Шетелдіктерге Қырғызстан аумағындағы арнайы ойын аймағына бару үшін ғана виза рәсімдемей кіруге, шығуға, транзитпен жүруге, жүріп-тұруға рұқсат етіледі.

Казиноға келушілер Қырғызстанға келгеннен кейін төлқұжат бақылауынан өту кезінде тек жарамды жеке басын куәландыратын құжат көрсетуі керек.

Бұл ретте шетелдіктер уәкілетті мемлекеттік органда тіркеуден өтпей-ақ Қырғызстанда он бес тәулік бола алады.

Бұдан басқа, заң жобасында шетелдік азаматтар арнайы ойын аймағының шекарасын заңсыз кесіп өтсе, бір жылдан үш жылға дейінгі мерзімге түзету жұмыстары немесе 500-ден 1000 есептік көрсеткішке дейінгі айыппұл немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде жазаға тартылатыны жазылған.

Барлық жаңалықтар